Рахымжан Отарбаевтың «Қандыөзек» нашақорлар жайлы новелласы 6 ақпан күні өнер сүйер қауым үшін сахналанған болатын.



Рахымжан Отарбаевтың «Қандыөзек» нашақорлар жайлы новелласы 6 ақпан күні өнер сүйер қауым үшін сахналанған болатын. Қойылымның мақсаты – жастарды нашақорлық секілді үлкен дерттен бойын аулақ ұстауға, салауатты өмір салтын сақтауға шақырып, есірткіге тәуелділіктің азабын көрсету және нашақорлыққа қарсы күреске үндеу.
Есірткі – жұртты есіртіп, жұмыссыздық пен құлықсыздық белең алған жерде неше түрлі сұмпайы сұмдықтар адамның ерік күшін аяқпен таптап, тұрмыстан азғындатып, екі аяқты айуанға айналдырады.
Нашақорлық бір отбасының шаңырағын шайқалтып, жазылмас дерт, айықпас сырқаттың ошағына айналады. Сахнадағы жанды көріністер бір отбасының осынау қасіреті бүкіл ғасырға ұласып бара жатқандығын меңзейді. Мақсат – балақтан басқа өрлеуге белең алған осынау індеттен бойды аулақ ұстап қана қоймай, онымен табанды күресу болып табылады.

  • 288
  • 0