Ә.Оразбеков "Бір түп алма ағашы" драма



«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, "Рухани жаңғыру ана тілін құрметтеуден басталады» - атты тақырып төңірегінде №10 дарынды балаларға арналған облыстық "Білім-инновация" лицей-интернаты (қазақ – түрік қыздар) лицейінің оқушыларына үстіміздегі жылдың 1 ақпан күні Қызылорда облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрының ұжымы Ә. Оразбековтың «Бір түп алма ағашы» драмасын ұсынды. Оқу ісі жөніндегі орынбасар Микеева Ләззат Есенқызы «лицей қыздарына отбасылық тəрбие жөніндегі спектакльдің берері мол болды, біздің оқушыларға өте қатты ұнады. Театр ұжымына алғысымыз зор» - деп өзінің ризашылығын білдірді. Спектакльден соң лицей оқушылары театр артистеріне өздерінің толғандырған сұрақтарын қойып, сұхбаттасты.

  • 446
  • 0