25-27 қаңтар күндері Қызылорда облыстық Н. Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрының шығармашылық ұжымының біліктілігін арттыру мақсатында аттестация болып өтті.

25-27 қаңтар күндері Қызылорда облыстық Н. Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрының шығармашылық ұжымының біліктілігін арттыру мақсатында аттестация болып өтті. Аттестацияны жүргізуге Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері, Т.Жүргенов атындағы қазақ Ұлттық өнер академиясының профессорлары Дариға Тұранқұлова және Аман Құлбаев сынды театр тарландары, Қызылорда облыстық Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасынан маман және арнайы музыка, би өнерінің майталмандары келіп артистердің роль ойнау шеберлігін, музыкалық қабілеттерін тыңдап, өз бағаларын берді. Аттестацияның алғашқы күні комиссия мүшелері әлем әдебиетінің алыбы У. Шекспирдің «Макбет» спектаклін тамашалады. Үш күн бойы театрдың шығармашылық ұжымының шеберліктеріне өз бағаларын беріп қана қоймай, «Актер шеберлігі» және «Сахна тілі» төңірегінде арнайы шеберлік сағаттарын өткізді. Шеберлік сағатты өткізудегі мақсат: Қызылорда облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрының шығармашылық ұжымының біліктілігін, артистік шеберліктерін одан әрі шыңдай түсу, дамыту. Аттестациядан өткен шығармашылық ұжымға арнайы дәрежелеріне сай сертификаттар табысталды. Үш күнге созылған аттестация және шеберлік сағаттары сәтті аяқталды.








 
  • 333
  • 0