Биыл Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Әлия Арысбайдың туылғанына 70 жыл.






Биыл Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Әлия Арысбайдың туылғанына 70 жыл. Осы ретте Әлия Арысбайды еске алу мақсатында 22 қаңтар күні Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде Әлия апамыздың құрметіне көрме болып өтті. Көрмеде Әлия Арысбайдың спектакльдерде киген киімдері, сонымен қатар естелік суреттері болды. Арнайы теледидардан сахналаған спектакльдерінен үзінділер көрсетілді. Өмірлік серігі, театрдың көркемдік жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Хұсейн Әмір-Темір көптеген естеліктерін сағынышпен жеткізді. Театр директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мұхит Әбдікәрімов Әлия Арысбайдың мықты актриса болғанын айтып еске алса, әріптестері Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Бақытбек Алпысбай, Мәдениет қайраткері Залипа Төлеповалар да Әлия Арысбайдың жақсы қасиеттерін, артист қана емес сонымен қатар бұлбұл даусыты әнші, ерекше дарын иесі екендігін айтып, көздеріне жас алды.

  • 284
  • 0