Құттықтау!!

27 желтоқсан күні театрымыздың басшысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қызылорда қаласының құрметті азаматы Мұхит Әбдікәрімов және театрдың көркемдік жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Хұсейн Әмір-Темір театр ұжымын жаңа жыл мерекесімен құттықтап, бірқатар театр қызметкерлеріне алғыс хат табыстады. 16 желтоқсан Тәуелсіздік мерекесіне орай арнайы облыс әкімінің алғыс хатымен актер Асқар Оразалиев марапатталса, облыстық Мәдениет басқармасының алғыс хатымен әдебиет бөлімінің меңгерушісі Ұлбосын Қылышбаева және актер Данияр Сабыровтар марапатталды. Марапаттарыңыз құтты болсын әріптестер! Жаңа жыл жағымды жаңалықтарға толы табысты жыл болсын! Жаңа жыл құтты болсын!

  • 389
  • 0