12 желтоқсан күні Т.Ахтановтың "Ант" трагедиясы сахналанды.

Қызылорда облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында 12 желтоқсан күні Т.Ахтановтың «Ант» трагедиясын көрермен назарына ұсынды. Басты рольдерді Бақытбек Алпысбай, Бақытбек Темірбеков, Сырым Әбдіразақов, Ақтолқын Төлеуовалар сомдап шықты. Қызылорда облыстық және қалалық экономикалық сот мекемесінің қызметкерлері 16 желтоқсан Тәуелсіздік мерекесіне орай спектакльді арнайы келіп тамашалады. Сыр өнерінің дамып, өркендеуіне елеулі үлес қосып келе жатқан Қызылорда облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрын Қызылорда облыстық сотының төрағасы Қ.Ж.Нұрышев мерекеге орай театр ұжымын құттықтап, арнайы алғыс хатпен марапаттады.





 
  • 601
  • 0