6 қараша14.00-де Иран-Ғайыптың «Қорқыттың көрі» драмасы және 19.00-де Б.Әлімжановтің «Ойнайықшы бір! Ойлайықшы бір...» комедиясы ұсынылды.

6 қараша күні театр сахнасында бір күнде бір емес екі спектакль сахналанды. Сағат 14.00-де Иран-Ғайыптың «Қорқыттың көрі» драмасы сахналанса сағат 19.00-де жастардың көңілін көтеретін, астарлы әзілге толы Б.Әлімжановтің «Ойнайықшы бір! Ойлайықшы бір...» комедиясы ұсынылды.

Ажалдан кім құтылған? Тағдырдың басқа жазғанынан қашып қайда бармақшысың? Ешқайда! Жаратқанның бұйрығына қарсы шыққаныңмен, бір күні жолың таусылары хақ. Мәңгілік өмірдің кілтін іздеп, өзін құдай санаған Қорқыттың тағдыры не болды? Ол өзінің мұратына жете алды ма? Қойылымнан Сыр өңірін мекен еткен әйгілі қобызшы Қорқыттың сырға толы өмірінің көріністерінен сыр шертеді.

Ақ пен қара алмасқан өмір сызығында талай өткелдерден өтеміз. Қуаныш пен қайғы, жақсылық пен жамандық. Алдыңнан кездескен сынақтарда сүрініп кеткен дұрыс па? Әлде күресу керек пе? Студент Уылдырық дәл осындай өмір сынағына тап болды. Алайда адал достықтың туын көтерген жан достары Тықыр мен Майтабан көмекке келді. Бірі қолдап, бірі алдап, әйтеуір  амалын тауып  құтқарып қалды. Қиын сәтте қол ұшын берген адал достық пен өз әлсіздігін жеңген ерліктің куәсі болғыңыз келе ме? Уылдырықтың қандай жағдайға тап болғаны қызықтыра ма? Ендеше қойылымды жіберіп алмаңыз!  Ойнайықшы бір... Ойлайықшы бір!





 

  • 484
  • 0