24 қазан М.Ф.Ахундзаде «Кетпейсің! Болды, кетпейсің...» комедия

24 қазан күні театрымыздың көрермендері үшін тамаша қойылым болды. Шет елдің мәдениеті мен  тұрмысы кімді болмасын қызықтырады емес пе? Шахбаз-бекті де қызықтырып, Парижге жетелеген сол нәрсе. Жас бектің қалауын жұрттың бәрі естігенде оқиға қыза түседі. Беттерін ашып, жалаңбас жүретін француздың сылқым қыздарынан күйеу жігітін қызғанған Шарафниса-ханымның, қызының жылағанын көрген шешесінің әрекеттерінің нәтижесі көрерменді қызықтыра түсті. Сонау Әзірбайжан еліне саяхат жасап қайтқандай әсер қалдырған М.Ф.Ахундзаденің «Кетпейсің! Болды, кетпейсің...» комедиясы көрермендерге керемет көңіл күй сыйлады.




 

  • 509
  • 0