63-ші театр маусымының ашылуы

Жаңа 63-ші театр маусымын Ерсайын Төлеубайдың «Абай» спектаклі ашты. 8 қыркүйек күні болған маусымның ашылуына келген көрерменнің саны көп болды. Бұл қойылым Абай туралы.  Қазақ сахнасында 1940 жылдан бері қойылып келе жатқан жаттанды үлгіден мүлде бөлек. Жаңа көріністе ұлы ақынның алпысқа қараған шағында өз ортасынан орын таппай, ауыр ой арқалап, іштей егілген кезі суреттеледі. Ұлы дана өмірінің соңғы кезеңі. Оның тағдыры тым ауыр жағдайларға толы болды. Араларына алты айдан салып, балалары көз жұмады. Мағауия қайтыс болғаннан кейін тура 40 күн өткенде өзі өмірден озған. Осылай дүркіреген әулеттің тас-талқаны шықты. Абай азабының айтылмай келген тылсым бейнесі көрсетіледі.

Ерсайын Төлеубайдың «Абай» пеьесасы бойынша қойылған спектакль өскелең ұрпақты ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке, тіліміз бен дінімізді берік ұстауға тәрбиелейді. Абай Құнанбаевтың өмірінен сыр шертетін трагедиялық спектакль көрерменнің зор қошеметіне ие болды. Спектакль соңында театрдың көркемдік жетекшісі, режиссер Хұсейн Әмір-Темір жаңа маусымның ашылуымен Сыр елінің өнер сүйер қауымын құттықтап,  алғысын білдірді.

 

  • 591
  • 0