Театрда "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес" атты жиын өтті

Қоғамымызда белең алып бара жатқан өзекті мәселелердің бірі ол – жемқорлық. Сыбайлас жемқорлық – ғасыр індеті. Қоғамның дертіне айналған мәселенің алдын алу мақсатында 13 маусым күні Қызылорда облыстық Н. Бекежанов атындағы драма театрдың қызметкерлерінің қатысыуымен және де арнайы келген Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентінің Қызылорда облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Байқожаев Берікбол, «Жаңару» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Баймаханов Кажданбек және «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы партиясының бақылау инспекторы Жәрекеев Қуаныштың қатысуларымен жиналыс өтті.

Жиын барысында театр директоры  Мұхит Әбдікәрімов сыбайлас жемқорлықпен қоғам болып күресу қажет екендігін,   осы мәселенің алдын алу керектігін тілге тиек етті. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентінің Қызылорда облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Берікбол Байқожаев жемқорлықтың алдын алу, онымен күресу жолында көптеген арнайы іс-шаралардың өтіп жатқандығын айтты. 1998 жылы ТМД елдерінің арасында алғаш болып, «сыбайлас жемқорлықпен күресу» заңын қабылдағанда біздің ел.

ХХІ ғасыр сыбайлас жемқорлықтың өршіп отқан кезеңі. Осы уақытқа дейін сыбайлас жемқорлыққа қатысты 200 ден аса аты шулы іс қаралып отырғандығын «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы партиясының бақылау инспекторы Қуаныш Жарекеев өз баяндамасында айтып өтті.

Баймаханов Кажданбек «Жаңару» қоғамдық бірлестігінің төрғасының мәлімдемесіне сәйкес дүниежүзі бойынша сыбайлас жемқорлықты жойып жатқан мемлекеттерде бар. Олар халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарта отырып, жалақыны көбейту арқылы жемқорлықты жою жолында еңбек етіп отырған Сингапур, Канада, Щвеция мемлекеттері.

Сонымен қатар, арнайы экран арқылы тақырып  төңірегінде роликтер көрсетілді. Үлкен ойға жетелеген бейне роликтер мен арнайы  мамандардың ой-пікірлері, талдаулары театр ұжымына зор ықпалын тигізді. Сондай-ақ,  сыбайлас жемқорлықтың  алдын-алу,  жемқорлыққа қарсы іс-шаралар, оның ішінде тақырып төңірегіндегі қойылымдар қою, тақырып төңірегіндегі  Ж.Ерғалиевтің «Құлпытастың көз жасы», Р.Отарбаевтың «Нашақорлар жайлы новелла», «Двойник», М.Сәрсекенің «Тендерге түскен келіншек», Ә.Тауасаровтың «Махаббат аралы» спектакльдерін белгілі бір мерзімде көрермендерге жиі ұсынып тұру жұмыстары  алдағы театр маусымында атқарылатын жұмыстардың бірегейі болып саналады.   

   

 



 

  • 618
  • 0