Әбдікәрімов Мұхит Сұлтанұлы

 

1954 жылдың 28 желтоқсан айында  Тереңөзек ауданы, Шаған ауылында дүниеге келген.

1975-1987 жылы Гоголь атындағы Қызылорда педогогикалық институтын мұғалім мамандығы бойынша, 2000-2002 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.

1978-1980 жылы Алматы қаласындағы Республикалық эстрада және цирк өнері студиясын  ойдағыдай тамамдағаннан  кейін ең алғашқы қызмет жолын Қызылорда облыстық филармониясында домбырашы болудан бастаған.

1979 жылдың тамызынан  бастап Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданы, Шаған ауылдық мәдениет үйінде көркемдік жетекші, қараша айынан бастап Тереңөзек кеңшарының Комсомол ұйымының хатшысы болып қызмет атқарған.

1981 жылдың сәуірінен бастап Қызылорда облыстық Комсомол комитетінің ұйымдастыру бөлімінің инструкторы, 1983 жылдың қазан айынан бастап «Қызылордатрансагентство» мекемесінде Комсомол ұйымының хатшысы, 1986 жылдың наурыз айынан бастап Облыстық Кәсіподақ ұйымының бөлім меңгерушісі қызметін атқарған.

1989 жылдың қаңтар айынан бастап қалалық партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінің инструкторы болып қызмет атқарған.

1989 жылдан бастап А.Тоқмағанбетов атындағы облыстық филармонияның директоры,  ал 2008 жылдың тамыз айынан бастап Қызылорда облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрының директоры қызметін атқарып келеді.

2010 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мәдениет қайраткері белгісімен марапатталды. 2013 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілді.

  • 752
  • 0